Су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің тізімі аталды

Фото: Life09

Су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің тізімі аталды. “Қазгидромет” болжамына сәйкес, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қауіп деңгейі жоғары, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі baq_kz-ке сілтеме жасап.

Өз басым бұл өңірлерде жағдай күрделі болуы мүмкін деп есептеймін. Себебі мен төрт облысты аралап, 30-дан астам елді мекенді көріп шықтым. Қауіп бар, болжам да соны көрсетіп отыр. Әсіресе Ақмола және Абай облыстарында қауіп жоғары, – деді вице-премьер.