Шымкентте полицейлер суға батып бара жатқан марғауларды құтқарды

Фото: Gemini ИИ

Шымкенттік полицейлердің марғауларды құтқару сәті бейнежетонға түсіп қалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @sputnik_aitady-ға сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті тұрғынның жануарлар салынған қораптың суға құлап кеткені туралы хабарламасынан кейін белгілі болды. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері еш ойланбастан өзенге түсіп, марғауларды аман-есен жағаға алып шықты.