Павлодарда әже ұрыға дорбасын бермей, соңына дейін қарсы тұрды

Фото: Life09

Павлодар қаласында белгісіз ер адам зейнеткер әйелдің азық-түлік салынған пакеті мен әмиянын тартып алмақ болған. Алайда әже қайсарлық танытып, өз заттарын бермей, күдіктіге қарсы тұрған. Нәтижесінде күдікті ойлағанына жете алмай, оқиға орнынан қашып кеткен. Зейнеткер бұл жағдай бойынша полицияға арызданбаған. Дегенмен құқық қорғау органдары оқиғаны бейнебақылау камералары арқылы анықтаған. Кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.