Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді: Аймақта жедел штаб құрылды

Фото: Life09

Павлодар облысының Баянауыл ауданында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін 26 мамырда сағат 11:28-де тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым жерде, Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Баянауыл ауылы маңында орналасқан (2 балл, 47 км).

  • Эпицентр координаттары: 50.47º солтүстік ендік, 76.47º шығыс бойлық. Тереңдігі – 30 км.
  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.7.
  • MSK-64 шкаласы бойынша есептелген сезілу деңгейі: Баянауыл ауданында (Баянауыл ауылы маңы) – 2 балл.

ТЖМ дерегіне сәйкес, іс-қимылдарды үйлестіру және жағдайды бақылау мақсатында Павлодар облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылды.

“Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жедел желі телефоны ашылды: 8 (7182) 20-11-12. Тұрғындардан өтініштер түскен жоқ”, – делінген хабарламада.