Экс-депутат Айтуар Қошмамбетов әлеуметтік нан мен қоғамдық көлікке берілетін субсидияларды қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Оның пікірінше, бағаны баршаға бірдей арзандатудың орнына, мемлекеттік көмекті шынымен мұқтаж азаматтарға бағыттау қажет.
Ол нанды нарықтық бағамен сатып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдарға тегін таратуды ұсынды. Ал қоғамдық көлікте жолақының бір бөлігін субсидиялап, осал топтарға тегін жүру мүмкіндігін қарастыру керек деп есептейді.
Бұрынғы депутаттың айтуынша, мемлекет кейбір тауарлар мен қызметтерді шамадан тыс субсидиялап отыр. Сонымен қатар азаматтарды табысына қарай санаттарға бөлгенде әлеуметтік әділеттілік пен жеке деректердің құпиялығын сақтау маңызды.
Әлеуметтік нан мен жолақы субсидиясын тоқтату ұсынылды
Фото: Gemini ИИ