Қытайдың Хунань провинциясындағы пиротехника зауытында болған жарылыстан 21 адам қаза тауып, тағы 61-і жарақат алған. Оқиға орнында 500-ге жуық құтқарушы, өрт сөндірушілер мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Іздеу-құтқару жұмыстарына роботтар да жұмылдырылған. Қытай төрағасы Си Цзиньпин жан-жақты тергеу жүргізуді, зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды.
Дереккөз: t.me/qazaqstantv