Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Президент Дәурен Қосановты Қорғаныс министрі лауазымынан босатты.