Қазақстанда бір тәулік ішінде бес орман өрті ауыздықталды

Фото: Gemini ИИ

Еліміздің бірнеше өңірінде бір күн ішінде бес бірдей орман өрті тіркелді. Тілсіз жаудың ошақтары Қостанай және Павлодар облыстарында, Қатонқарағай ұлттық паркінде, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында және «Жасыл Аймақ» аумағында анықталған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Massaget NEWS-ке сілтеме жасап.

Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, жалын ошақтары әуеден патрульдеу жұмыстары кезінде байқалған. Қызыл жалынды сөндіруге орман күзеті қызметкерлері, өртсөндірушілер, арнайы техникалар мен тікұшақтар жұмылдырылды.

Жедел әрекеттің арқасында қазіргі уақытта бес өрт ошағы да толықтай сөндірілді.