Қазақстанда алдағы күндері күн суытып, жаңбыр мен қар жауады

Фото: Gemini ИИ

5-6 қараша аралығында еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Батыс және солтүстік-батыс аймақтарда жауын-шашын күтілсе, 6 қарашада оңтүстік пен орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Сонымен қатар республика аумағында жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Ауа температурасына келсек, батыс өңірлерде түнде 0…+7 градус, күндіз +3…+14 градус аралығында болады. Солтүстік пен орталықта күндіз ауа температурасы +1…+10 градусқа дейін төмендейді.
Шығыста күндіз +7…+12 градусқа дейін жылынса, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда температура айтарлықтай өзгермейді.