Қазақстан халқы саны 20 млн 500 мыңнан асты

Фото: Gemini ИИ

Ұлттық статистика жүргізген мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері 32 418 адамға артқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Оның 28 835-і жаңа туған сәби. Ал, көші-қон арқылы 3583 адам келген.

Қазіргі таңда 13 млн-нан астам қазақстандық қалада, ал 7,4 миллион азамат ауылдық жерлерде тұрады.

Халық көп шоғырланған аймақтар тізімі:

1. Алматы
2. Түркістан облысы
3. Астана қаласы.

Ал, ең аз халық саны Ұлытау облысында тіркелген.10:34