Ақтау қаласының тұрғыны, сүңгуір Қанат Әбдиев бірнеше жылдан бері Каспий теңізінің түбін қоқыстан өз бетінше тазартумен айналысады, деп хабарлайды life09 ақпарат агенттігі t.me/stankznews-ке сілтеме жасап. Экоерікті әр сүңгуін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісу арқылы халықты экологиялық мәдениетке шақыруда.
Сүңгуірдің басты мақсаты — адамдарға теңіз тазалығының адам денсаулығына тікелей әсерін түсіндіру. «Теңізге тасталған қоқыс ерте ме, кеш пе алдымыздан шығады. Полиэтилен пакеттер ыдырап, теңіз жәндіктерінің ағзасына түседі. Соңында бұл тізбек біздің денсаулығымызға зиянын тигізеді», — дейді ол.
Қанат Әбдиевтің экологиялық акциялары тек қала ішімен шектелмейді. Ол өңірдегі туристік аймақтар — Саура және «Голубая бухта» маңын да тұрақты түрде тазалық сүзгісінен өткізіп тұрады.
Каспий жанашыры: Қанат Әбдиевтің эко-миссиясы
Фото: Gemini ИИ