Қарағанды облысында екі мотоцикл жол апатына түсіп, екі адам көз жұмды

Фото: ЖИ Gemini

Жол апаты 16 сәуірде сағат 21:00 шамасында Шет ауданы Ақадыр кентінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі мотоцикл бір бағытта қозғалған. Жол апатынан мотоциклдердің 37 және 17 жастағы жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: @sputnik_aitady