Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы министрліктері және Мал шаруашылығы одағы сиыр еті бағасын тұрақтандыруға бағытталған меморандумға қол қойды. Құжат аясында ішкі нарықты етпен қамтамасыз ету, тапшылықтың алдын алу және бағаны ұстап тұру көзделген. Экспорттың кемінде 15%-ы ішкі нарыққа бағытталады. Министрліктер баға мониторингін жүргізіп, сауда үстемесін бақылауды және экспорттық квоталарды реттеуді жалғастырады.
Ет бағасын тұрақтандыру үшін үшжақты меморандум қабылданды
Фото: ЖИ Gemini