Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев кезекті жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады. Кездесу барысында азаматтар өңір басшысына құрылыс, жер қатынастары, денсаулық сақтау, автобус қатынасы және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін жеткізді.

Қабылдау қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты салалық басқарма басшыларына көтерілген мәселелерді жан-жақты пысықтауды тапсырды. Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бойынша нақты орындау мерзімдері белгіленді.

Жауапты органдар қажетті шараларды уақтылы қабылдап, өтініштердің қаралу нәтижесі туралы тұрғындарға хабарлауы тиіс. Барлық өтініш облыс әкімінің бақылауында болады.