БҚО-да қатты желден 5 мың абонент жарықсыз қалды

Фото: Gemini ИИ

Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық пен қатты желдің салдарынан 5 мыңға жуық абонент электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Жоғары кернеулі электр желілерінде апатты жағдай тіркеліп, Орал қаласының бірнеше ауданында жарық уақытша өшірілді.

Қазіргі уақытта апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.