Астанада қозғалыс үстіндегі көлік жарылып, бірнеше адам зардап шекті

Фото: Life09

Астанадағы Қасым Аманжолов көшесінің бойында (Сарайшық көшесіне жақын маңда) қозғалыс үстіндегі автокөлікте жарылыс болып, артынша өрт шықты,  деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі baq.kz-ке сілтеме жасап..

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жеткенге дейін көлікте газ-ауа қоспасы жарылған. Соның салдарынан от шарпыған көлік толықтай жанып кетті.

Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Сонымен қатар, жалын жақын маңда тұрған өзге де автокөліктерге зақым келтірген.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.