Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт болды

Фото: Gemini ИИ

Кеше түнде Нұра ауданындағы Күлтегін көшесінде орналасқан 10 қабатты үйдің электр қалқанынан өрт шыққан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Құтқарушылар жеткен кезде подъезд ішін қалың түтін басып тұрғаны анықталған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр шахтасы арқылы бірінші қабаттан оныншы қабатқа дейін таралған. Оқиға барысында өрт сөндірушілер автосатының көмегімен 3 адамды құтқарды, олардың екеуі бала. Сонымен қатар, баспалдақ арқылы арнайы құтқару қалпақшаларын пайдаланып тағы 3 тұрғын эвакуацияланды, оның бірі бала.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген.