Астанада AI-камералар қауіпсіздік белдігін тақпағандарды анықтай бастады

Фото: ЖИ Gemini

Астанада AI-камералар қауіпсіздік белдігін тақпағандарды анықтай бастады. Елорда көшелерінде жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтау үшін жасанды интеллектке (AI) негізделген жаңа жүйе іске қосылды.

Жаңа алгоритмдер жүргізушінің көлік тізгінінде отырып телефон қолданғанын немесе қауіпсіздік белдігін тақпағанын бірден тіркейді. Қазіргі уақытта бұл функциялар сынақтан өтіп жатыр. Жүйе барлық қажетті сертификаттау рәсімдерінен өткеннен кейін толыққанды жұмыс істейтін болады. Жаңа технология жол қауіпсіздігін арттыруға және жүргізушілердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.

Дереккөз: @sputnik_aitady