Алматының Әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне әкелген жол апаты бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Айыпталушы — 32 жастағы кәсіпкер Александр Пак. Ол сотта марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрап, жазасын өтеуге дайын екенін айтты. Сонымен қатар, алқабилер сотынан бас тартқан.
Прокуратура мәліметінше, апат кезінде жүргізушінің орта дәрежелі алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Сондай-ақ, көлікте жалған мемлекеттік нөмір тағылғаны анықталған. Тергеу дерегіне сәйкес, Zeekr көлігі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатып, қарсы жолаққа шыққан.
Сараптама қорытындысы бойынша, қарсы бағытқа шыққан сәттегі көліктің жылдамдығы сағатына 219 шақырым болған.
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты бойынша сот басталды
Фото: Gemini ИИ