BANNER

Алаяқтар қазақстандықтарды «референдумға тіркелу» деген себеппен алдауға тырысып жатыр

Фото: ЖИ Gemini

Алаяқтар қазақстандықтарды «референдумға тіркелу» деген себеппен алдауға тырысып жатыр. Қазақстанда алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, SMS-тен келген кодты айтып беруін сұрайды. Олар оны «алдағы референдумда бюллетеньге тіркелу үшін» деп түсіндіреді. Сондай-ақ, мессенджерлерде «онлайн дауыс беру қатысушыларын тіркеу» туралы жалған хабарламалар тарап жатыр. Дезинформациямен күрес орталығы бұл әрекетті алаяқтық деп ескертті. Ведомствоның айтуынша, референдумда телефон қоңыраулары, онлайн-тіркеу немесе SMS-кодтарды сұрау қарастырылмаған. Дауыс беру тек қағаз бюллетеньдер арқылы сайлау учаскелерінде өтеді. Азаматтардан жеке мәліметтерді белгісіз адамдарға бермеу және ақпаратты тек сайлау комиссияларының ресми көздерінен алу сұралады.