АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келісті

Фото: ЖИ

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келісті. АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, Вашингтон осы мерзім ішінде әскери әрекеттерді тоқтатады. Шарт бойынша Иран Ормуз бұғазы арқылы кемелердің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуі тиіс. Трамп ұзақ мерзімді бейбіт келісімге қол жеткізу бағытындағы жұмыстар нәтижелі жүріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Иран ұсынған он тармақтан тұратын жоспар келіссөздер үшін негіз ретінде қарастырылуда. CNN дерегінше, Израиль де осы кезеңде Иранға қарсы соққыларды тоқтатуға келіскен.