Бұқар жырау ауданындағы Жаңаөзен ауылының 94 жастағы тұрғыны, елге еңбегі сіңген абыз ақсақал Мереке Сыздықов бүгінгі Құрылтай сайлауында азаматтық таңдауын жасады.
Мереке Сыздықов ұзақ жылдар бойы бұрынғы Тимирязев атындағы кеңшарды басқарған. Қазір жасы тоқсанның төртіне келсе де, ақсақалдың жүріс-тұрысы ширақ. Таяққа сүйенбей, тік жүретін ол көлігін де өзі жүргізіп, күнделікті шаруасын өздігінен атқарып келеді.
Бүгін сайлау күні Мереке ақсақал ауылдағы №464 сайлау учаскесіне өз аяғымен келіп, дауыс берді. Елдің қоғамдық өмірінен тыс қалмай, азаматтық ұстанымын білдірген қария ауылдастарымен бірге сайлауға қатысты.
Ақсақалдың бұл қадамы – ұрпаққа өнеге, үлгі.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы