Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің төртінші айналымында чехиялық Каролина Плишкованы айқын басымдықпен жеңді.
Небәрі 57 минутқа созылған матч 6:0, 6:2 есебімен аяқталды.
Бұл жеңістен кейін қос теннисші арасындағы өзара кездесулер есебі 4:0 болып, Рыбакинаның пайдасына артты.
Енді Елена жартылай финал жолдамасын украиналық Элина Свитолинамен сарапқа салады.
Дереккөз: t.me/qazsporttv