Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Фото: 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР телеграм арнасынан

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі:

«Иә, қабылдаймын» деп дауыс бергендер – 86,7%. 

Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді.  

Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан. 

Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты. 

Еxit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берді. Жалпы 75,3% адам қатысты.