Спортты дамыту – өскелең ұрпақтың болашағына инвестиция

Сурет: «Әділет» партиясы

Қарағанды қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде спорт саласының өкілдерімен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Жиынға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Айжан Киясова, Нуркелди Омарханов, Эрем Бариев және Аманжол Абдрахманов қатысты.

Сайлау

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы дене шынықтыру мен спортты дамытуға қатысты бағыттар таныстырылды. Атап айтқанда, бұқаралық спортты қолдау, жас спортшыларға жағдай жасау, спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру және кәсіби жаттықтырушылардың еңбегін бағалау мәселелері қозғалды.

Сайлау

Мектеп-интернат-колледж ұжымы жас спортшыларды даярлау, оқу-жаттығу үдерісін жетілдіру және спорттық инфрақұрылымды дамытуға қатысты пікірлерін білдірді. Кандидаттар сала мамандарының ұсыныстарын тыңдап, балалар мен жасөспірімдер спортына қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Сайлау

– Жас спортшылардың жетістікке жетуі үшін олардың қабілетін дамытуға қажетті жағдай жасалуы керек. Бұл тек жаттығу залдары мен спорттық құрал-жабдықтармен шектелмейді. Білікті жаттықтырушылардың еңбегін қолдау, жүйелі дайындық пен жарыс тәжірибесіне мүмкіндік беру де маңызды. Спортқа салынған инвестиция – өскелең ұрпақтың денсаулығы мен болашағына жасалған инвестиция, – деді кандидат Эрем Бариев.

Сайлау

Кездесуге 70-ке жуық адам қатысты.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.