Доскей ауылында еңбек ұжымымен кездесу өтті

Фото: Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі

Елдің ертеңі еңбек адамынан басталады. Өйткені өңірдің тыныс-тіршілігін, күнделікті мәселесін, өндірістің жай-күйін сол саланың ішінде жүрген азаматтардан артық ешкім білмейді.

Бұқар жырау ауданының Доскей ауылындағы «Изоплюс Центральная Азия» ЖШС-де үгіт-насихат жұмыстары аясында еңбек ұжымымен кездесу өтті. 
​1
Жиынға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Александр Куприенко, Саят Бакиров, Рустам Танишпеков және Аяжан Мақан қатысты. Олар жұмысшыларға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі бағыттарды баяндады. 

1

1​
Басқосу барысында еңбек адамдарының жағдайы, тұрақты жұмыс орындарын сақтау, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету және ауылдық аумақтардың әлеуетін арттыру мәселелері қозғалды. Кандидаттар кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі мен өндірістік қуатты дамыту жергілікті экономиканың өсуіне тікелей ықпал ететінін атап өтті.
​
Кездесу ашық пікір алмасу форматында жалғасты. Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстарын ортаға салды. 

Кандидаттар жұмысшылардың сауалдарына жан-жақты жауап беріп, айтылған бастамалардың маңыздылығына тоқталды.
​Еңбек ұжымдарымен мұндай жүздесулер тұрғындардың нақты сұранысын айқындауға, өндіріс пен әлеуметтік саладағы түйткілді мәселелерді тікелей талқылауға мүмкіндік береді.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков. Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.