Ол елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық даму бағыттарын айқындайды. Конституцияда әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ міндеттері нақты көрсетілген. Сондықтан оның мазмұнын білу әрбір адам үшін өте маңызды. Біз өз құқықтарымызды біліп қана қоймай, заң алдындағы жауапкершілігімізді де түсінуіміз керек. Конституция қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді. Сонымен қатар ол барлық азаматтың заң алдында тең болуын қамтамасыз етеді. Әрбір адам өз құқығын құрметтеп, өзгенің де құқығына нұқсан келтірмеуі тиіс.
Конституцияны білу – құқықтық сауаттылықтың негізгі көрсеткіші. Жас ұрпақтың заңға деген құрметін қалыптастыруда оның маңызы ерекше. Себебі құқықтық білімді азаматтар мемлекеттің дамуына өз үлесін қоса алады. Конституция тек заңгерлерге немесе мемлекеттік қызметкерлерге ғана қажет құжат емес. Ол бүкіл халықтың өмірімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір азамат Ата Заңның негізгі қағидаларын білуге міндетті деп санаймын. Конституцияны құрметтеу – өз еліңді, оның болашағын және құндылықтарын құрметтеу.
Дереккөз: amandykovna_6 instagram парақшасы