2019 жылдан бері елімізде 1,1 миллион оқушы орны ашылды. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 4 есе, апатты мектептер 2 есе, ал оқушы орнының тапшылығы 4 есе қысқарды.
Осы кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар желісі 1483 нысанға ұлғайып, 345 мемлекеттік балабақша салынды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 мектеп бой көтерді. Оның 84-і ауылдық жерлерде орналасқан.
Жоғары білім алуға 655 680 мемлекеттік грант бөлінді. Ал денсаулық сақтау саласында 1300-ге жуық жаңа нысан пайдалануға берілді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс» деп атап өтті. Мемлекет басшысы ұсынған «Халықтық құрылыс» бастамасы аясында білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасады.
#7жылQazaqstan #Президентжолдауы #Жолдау 2026