Оңалту орталығының мамандары өзекті мәселелерді ортаға салды

Сурет: «Әділет» партиясы

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласындағы аудандық оңалту орталығында еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Меруеш Башай, Сергей Ан және Сабыржан Амандықов қатысты.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, оңалту қызметтерінің сапасын жақсарту және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.
Кандидаттар орталық қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.

Сайлау

«Денсаулық сақтау саласының дамуы және медициналық көмектің қолжетімді болуы – халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды бағыттар. Әсіресе оңалту қызметтерін жетілдіру, заманауи медициналық мүмкіндіктерді кеңейту және осы сала мамандарының еңбегін қолдау қажет. Бұл ретте медицина қызметкерлерінің ұсыныстары ескерілуі тиіс», – деді кандидат Сергей Ан.

Сайлау

Кездесуге 100-ге жуық адам қатысты.


Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.