Қызылордада жоғалып кеткен 6 жастағы қызды полицейлер аман-есен тапты

Фото: Gemini ИИ

Кешкі уақытта полицияға кішкентай қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары аула маңын түгел тексеріп, дауыс зорайтқыш арқылы тұрғындардан көмек сұраған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі baq_kz-ке сілтеме жасап.
Анықталғандай, бүлдіршін ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен. Көп ұзамай полицейлер қызды тауып, анасына аман-есен табыстады.