Шымкентте әйел күйеуіне бір бүйрегін беріп, өміріне араша түсті

Фото: Gemini ЖИ

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханада тірі донордан бүйрек трансплантациялау бойынша 257-ота сәтті жасалды. Бұл жолы донор болған – науқастың жұбайы.

Бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан ер адам 2026 жылдың тамыз айынан бері гемодиализ қабылдап келген.

Қажетті медициналық тексерулерден өткен ерлі-зайыптылар трансплантацияға қойылатын талаптарға сай келіп, ота жасауға өз келісімдерін берген.

Дәрігерлердің мәліметінше, хирургиялық араласу сәтті өтіп, ешқандай қиындық туындамаған.

Қазіргі уақытта әйел донордың да, күйеуінің де жағдайы тұрақты. Отадан кейінгі қалпына келу кезеңі асқынусыз өтіп жатыр.

Дереккөз: @sputnik_aitady