Швецияда мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT пен Claude қолдануға шектеу қойылды

Фото: Gemini ИИ

Швеция үкіметі мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс компьютерлері арқылы ChatGPT пен Claude жасанды интеллект сервистерінің веб-нұсқаларын пайдалануға тыйым салды. Жаңа талап 26 қазаннан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі baq_kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай шешім қызметтік ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Билік құпия деректердің арнайы қауіпсіздік келісімдерінсіз сыртқы платформаларға енгізілуіне алаңдап отыр.

Енді мемлекеттік қызметкерлер қауіпсіздік тексеруінен өткен Microsoft Copilot сервисін пайдалана алады. Ал ChatGPT пен Claude-қа қолжетімділік арнайы AI платформасы арқылы қызметкерлердің шектеулі тобына ғана беріледі.