Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға қосқан үлесі үшін NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Дженсен Хуангты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
NVIDIA басшысы Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады.