ҚР Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров ұлттық тарихты танытуда трагедиялық парақтармен қатар, халқымыздың жарқын жеңістері мен ғасырлық жетістіктерін де қатар дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.
«Егемен Қазақстан» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясында пікір білдірген мемлекеттік кеңесші тарихи сананы қалыптастыру барысында күмәнді деректер мен бұрмаланған мәліметтерге жол бермей, өткеннен нақты тағылым алу қажеттігіне тоқталды.
Оның айтуынша, ұлттық тарих пен әдебиетті тек нәубет пен азап жылдарының шежіресі ретінде ғана қарастыру дұрыс емес. Болашақ атқарылатын жұмыстарда халқымыздың бай рухани мұрасын, тағылымды тәжірибесі мен елдік жетістіктерін кеңінен насихаттауға басымдық берілуі тиіс.