Каспий жағалауынан 173 бекіре тұқымдас балықтың өлексесі табылды

Фото: Gemini ИИ

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында Каспий теңізінің жағалауынан 173 бекіре тұқымдас балықтың өлексесі анықталды. Қазір олардың жаппай қырылуына не себеп болғаны тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі ZTB - QAZAQSTAN-ға сілтеме жасап.

Өлген балықтар жағалау аумағын бақылау барысында табылған. Оқиға орнына балық инспекциясының, полицияның және өңірлік экология департаментінің мамандары барған.

Мамандар теңіз суынан сынама алып, зертханалық сараптамаға жіберді. Тексеру қорытындысы белгілі болған соң, қосымша ақпарат жарияланбақ.