"Әділет" партиясы Құрылтай депутатының бос мандатына Гүлнар Тойлыбаеваның кандидатурасын ұсынды. Жаңа депутат қорғаныс вице-министрі қызметіне тағайындалуына байланысты депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Татьяна Савельеваның орнына келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл шешімді партияның саяси кеңесінің бюросы қабылдаған.
Гүлнар Тойлыбаеваның мемлекеттік органдар мен партия құрылымдарында ұзақ жылдан бері қызмет еткені атап өтті. Ол бұған дейін облыстық мәслихаттың хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарған. Қазір Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі.
Партияның тиісті қаулысы Орталық сайлау комиссиясына жолданған.
Еске салсақ, бұған дейін депутат Татьяна Савельева Құрылтайдан кетіп, Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.