Қарағандыда «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

«Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында Қарағанды қаласындағы «Таир» сауда үйінде тұрғындарға арналған «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді. Іс-шараны Қарағанды облысының прокуратурасы мен облыс әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтарға өзекті мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету.

Акция аясында Қарағанды облысы әкімінің аппараты, Полиция департаменті, Экономикалық тергеу департаменті, Әділет департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, денсаулық сақтау және білім басқармаларының өкілдері мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының мамандары тұрғындарға тегін кеңес берді.

Тұрғындар білім беру, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу, еңбек қатынастары, әлеуметтік қорғау, салық салу, құқықтық тәртіп, әділет, құрылыс және атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша көкейкесті сұрақтарына толыққанды жауап алып, мамандар өз құзыреті шегінде қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ауқымды іс-шара 1 000-нан астам адамды қамтыды. Бұл бастама халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара байланысты нығайтуға септігін тигізді. «Құқықтық дәріхана» акциясы тұрғындардың көкейкесті мәселелері бойынша кәсіби кеңес алып, қажетті құқықтық көмекке қол жеткізуіне мүмкіндік берген нәтижелі ашық диалог алаңына айналды.