Семейде 20 жастағы қызды өлтіргені үшін оның бұрынғы жігіті 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі t.me/stankznews-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға биыл 13 шілдеде болған. Тергеу мәліметінше, екеуінің арасында жанжал туындап, ер адам қызға пышақпен бірнеше рет соққы жасаған. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Бойжеткеннің денесі Бородулиха ауылындағы қара жолдың бойынан табылған.
Бүгін сот үкімі шықты. Айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындаған.
Сот шешімімен ол марқұмның жақындарына моральдық зиян үшін 20 миллион теңге, материалдық шығынды өтеуге 1,1 миллион теңге және өкілдік шығындары үшін 500 мың теңге төлеуге міндеттелді.
Семейде бұрынғы сүйіктісін өлтірген ер адам 14 жылға сотталды
Фото: Gemini ИИ