Әлеуметтік желіде ер адамның әйелге пышақ сұққан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі ZTB-QAZAQSTAN-ға сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала ақпарат бойынша, ер адам мен әйел бір-бірін таныған. Араларында жанжал туындап, күдікті әйелге пышақ сұққан. Алған жарақатынан әйел оқиға орнында қайтыс болған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Ақтөбеде 35 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды
Фото: Gemini ИИ