Әлеуметтік желіде Көкшетауда жұмысшының биік сатыдан құлап кеткені туралы ақпарат тарады. Мәліметке сәйкес, ер адам шамамен 5 метр биіктіктен құлаған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady-ға сілтеме жасап.
Полиция оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Қазір оқыс жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Ал Ақмола облысының еңбек инспекциясы департаментіне жұмыс берушіден жазатайым оқиға туралы хабарлама түспеген.
Көкшетауда жұмысшы 5 метр биіктіктен құлап, жарақат алды
Фото: Gemini ИИ