Қазақстан Ұлттық банкі 12 қазаннан бастап «Қазақстанның жер қойнауы» сериясындағы ниобий қосылған күміс монеталарды сатылымға шығарады.
Монетаның номиналы – 1 000 теңге, ал сату бағасы – 53 000 теңге. Таралымы небәрі 1 000 дана.
Әр монетаның салмағы – 32,8 грамм. Оның 31,1 грамы күмістен, ал 1,7 грамы сирек кездесетін ниобий металынан тұрады.
Коллекциялық монеталарды Ұлттық банктің интернет-дүкенінен сатып алуға болады.