Қазақстан World Population Review халықаралық статистикалық платформасы жариялаған Most Powerful Countries 2026 рейтингінде 100 елдің ішінде 34-орынға тұрақтады.
Еліміз бұл тізімде Дания (36-орын), Біріккен Араб Әмірліктері (37-орын), Оңтүстік Африка Республикасы (38-орын), Норвегия (39-орын), Сауд Арабиясы (40-орын), Пәкістан (42-орын) және Ираннан (46-орын) жоғары орналасқан.
📊 Рейтинг қандай көрсеткіштерді қамтиды?
Зерттеу барысында мемлекеттердің халықаралық аренадағы ықпалы, экономикалық және саяси әлеуеті, көшбасшылық деңгейі, халықаралық одақтардағы орны мен әскери мүмкіндіктері ескеріледі. Яғни елдердің экономикалық дамуымен қатар, әлемдік саясаттағы беделі мен ықпалы да бағаланады.
Посткеңестік мемлекеттер арасында Қазақстан Ресейден (11-орын) кейінгі орында тұр. Еліміз Украина (51-орын), Литва (56-орын), Беларусь (57-орын), Өзбекстан (71-орын), Латвия (74-орын), Эстония (75-орын), Армения (80-орын) және Грузиядан (91-орын) озып шықты.
Рейтингтің алғашқы үштігіне Қытай, АҚШ және Үндістан енді. Сондай-ақ үздік ондыққа Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Мексика және Италия кірді.
Қазақстанның 34-орынға орналасуы халықаралық деңгейде елдің әлеуеті мен ықпалын бағалаудағы маңызды нәтижелердің бірі саналады.