Әлемнің үздік балуандары Астанада бас қосады

Сурет: ЖИ Gemini

24 қазан – 1 қараша аралығында Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтеді. Астанада өтетін күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми бойтұмарын назарларыңызға ұсынамыз. «Мұзбалақ» — еркіндік пен айбынның, қайсарлық пен биік мақсатқа ұмтылыстың символы. Оның қуаты, шапшаңдығы мен өр мінезі күрес кілеміндегі нағыз балуанның болмысымен үндеседі. Әлем біріншілігіне 135 мемлекет қатысады. Бұл - ересектер арасындағы Әлем чемпионаттары тарихындағы ең жоғары көрсеткіш!

Дереккөз: @kazwrestling_official