БАӘ-нің ЖИ министрі Astana AI Film Festival фестивалін жасанды интеллект мүмкіндіктерінің мысалы ретінде атап өтті

Сурет: ЖИ

Біріккен Араб Әмірліктерінің жасанды интеллект жөніндегі мемлекеттік министрі Омар Әл-Олама Абу-Дабиде өткен AI Everything жаһандық саммитінде қазақстандық Astana AI Film Festival фестивалін атап өтті.

Khaleej Times басылымының мәліметінше, министр Қазақстанға сапары кезінде барған фестиваль туралы айтып, бір адамның жасанды интеллект көмегімен бұрын үлкен шығармашылық топты және, мүмкін, миллиондаған долларды қажет ететін фильм немесе басқа да контент жасай алғанын атап өткен.

Омар Әл-Оламаның пікірінше, мұндай құралдар адамдардың өз ойын білдіру тәсілдерін өзгертіп, инфлюенсер болудың қажеті жоқ-ақ контенттен табыс табуға жаңа мүмкіндіктер аша алады.

Еске салайық, алғашқы Astana AI Film Festival фестиваліне әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім түскен. Ал фестивальдің жалпы жүлде қоры 2 миллион АҚШ долларын құрады.