Маңғыстау облысында Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов оқу-жаттығу барысында қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті. Министр қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, олардың қайғысына ортақ екенін жеткізді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
«Олар біз үшін жай ғана әскери қызметшілер емес, қаруластарымыз, ұлдарымыз бен бауырларымыз. Олардың қазасы барша Қарулы күштер үшін орны толмас ауыр қаза. Біз осы қиын кезеңде олардың отбасыларымен бірге боламыз», - деді Қорғаныс министрі.
Министр отбасыларға Қорғаныс министрлігі тарапынан жан-жақты көмек пен қажетті қолдау көрсетілетінін айтты. Ведомство туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдесіп, отбасылармен тұрақты байланыста болады.