ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Корея Республикасының Тэджон қаласындағы мемориалдық кешенге барды.
Сапар барысында министр ел тәуелсіздігі жолында күресіп, Отанын қорғауға ғұмырын арнаған тұлғаларға құрмет білдіріп, мемориалға гүл шоғын қойды.
Мұнда 150 мыңға жуық адам жерленген. Мемориал аумағында қазақ-корей тарихында айрықша орны бар генерал Хон Бом Доның да бейіті орналасқан.
Генерал өмірінің соңғы жылдарын Қазақстанда өткізіп, Қызылордада жерленген. 2021 жылы Қазақстанның қолдауымен оның сүйегі тарихи отанына жеткізіліп, Тэджон қаласында қайта жерленді.
Сапар соңында Арман Қырықбаев Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды. Бұл рәсім Қазақстан мен Корея арасындағы ортақ тарихи мұраға деген құрметті айғақтады.