Ақбаян Мұқанғалиева ауруханадан шықты

Сурет: newtimes

Атыраудағы атышулы қылмыстық іске байланысты психологиялық денсаулық орталығында ем қабылдаған Ақбаян Мұқанғалиева ауруханадан шықты.

Қазір ол туыстарының үйінде тұрып, денсаулығын қалпына келтіріп, күнделікті өмірге қайта бейімделіп жатыр.

Жақындарының айтуынша, Ақбаян оңалту орталықтарында медициналық және әлеуметтік көмек алған. Туыстары оның жанынан табылып, қалыпты өмірге оралуына қолдау көрсетуде.

Мұқанғалиева балаларымен де қайта қауышқан. Жақындарының сөзінше, балаларымен бірге өткізген уақыт оның көңіл-күйіне оң әсер етіп, оңалуына сеп болып жатыр.