Өңірдегі жас таланттарды өнерге баулып жүрген «Шабыт» өнер мектебіне биыл 5 жыл толды. Бүгінде мұнда 25 қызметкер еңбек етіп, мыңнан аса шәкірт вокал мен домбыра өнерін меңгеріп жүр.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында мектептің материалдық-техникалық базасы нығайып, бүгінде 3 филиалы жұмыс істейді.
«Шәкірттеріміз облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары. Өткен жылы мемлекеттен 5 млн теңге қайтарымсыз грант алдық. Бұл қаржыға материалдық-техникалық базамызды нығайттық», – деді «Шабыт» өнер мектебінің жетекшісі Бердіғали Қуанышқалиұлы.
Бес жыл ішінде мектеп жас таланттардың өнерін шыңдап, үлкен сахнаға жол ашып келеді.