Рудный қаласының тұрғыны Абзал Абсаттаров И. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжін тәмамдағаннан кейін жұмысқа орналасу мәселесі бойынша Қалалық мансап орталығына жүгінді.
3 шілдеде ол «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында «Дуйсенова Н.А.» ЖК-не жаттықтырушы қызметіне әңгімелесуге жолданып, көп ұзамай жұмысқа қабылданды.
2026 жылғы 9 шілдеден бастап Абзал жаңа қызметіне кірісті. Бүгінде ол алған білімін тәжірибеде қолданып, еңбек жолын бастап отыр.
«Жастар практикасы» — оқу орнын енді тәмамдаған жас мамандарға еңбек нарығына бейімделіп, алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік беретін маңызды қолдау тетігі.