Қазақстанның халықаралық әуе қатынасы айтарлықтай кеңейді. Бұған дейін 25 елмен тікелей әуе байланысы болса, қазір олардың саны 32 елге жеткен, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Ал, халықаралық әуе бағыттарының саны 74-тен 161-ге дейін артты. Яғни, екі еседен астам көбейген.
Авиациялық қауіпсіздік көрсеткіші де жоғарылады. Қазақстанның ICAO стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7%-ға жетті.
Енді әуежайларды жаңғырту жоспарланып отыр. 2029 жылға дейін Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Орал және Жезқазған қалаларындағы ұшу-қону жолақтарын салу және реконструкциялау, сондай-ақ еліміздегі ірі әуежайлардың терминалдарын жаңарту көзделген.
Қазақстанның халықаралық әуе бағыттары 161-ге жетті
Фото: Gemini ИИ